Банктердің цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасауы туралы

Банктердің цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасауы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп «Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 87 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 50 бірлескен қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен қаулысының жобасын
(бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба банктерге мәмілелер жасауға рұқсат етілетін қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерінің базалық активтеріне қойылатын талаптарды жетілдіру және біріздендіру мақсатында әзірленді.

Жобада Агенттік Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 72 қаулысымен бекітілген Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларының 7 және 8-тармақтарына сілтеме беретін норманы белгілеу арқылы қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерінің базалық активтеріне қойылатын қайталанатын талаптарды алып тастау көзделеді.

Ұсынылып отырған өзгерістер нақтылайтын сипатқа ие және банктер үшін жаңа реттеушілік талаптар енгізуді көздемейді.

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты