Сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының және Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына сақтандыруды реттеу және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 12 қазандағы № 140 қаулыны қабылдады.
Қаулы сақтандыру нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне және «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында қабылданды.
Құжат мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жетілдіруді көздейді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде тыңдау рәсімі жүргізілмейтін, өтініштер мен құжаттарды цифрлық күту парағы арқылы қабылдау енгізілетін, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде, сондай-ақ құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мүмкіндігі көзделетін жағдайлар белгіленеді.
Бұдан басқа, терминология Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес өзектендіріледі. Бұл мемлекеттік қызметтерді алудың жекелеген рәсімдерін жеңілдетуге және жеделдетуге, сондай-ақ терминологиялық сәйкессіздіктер мен ескірген тұжырымдарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы