Зейнетақы активтерін басқару мәселелері туралы

Зейнетақы активтерін басқару мәселелері туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулының жобасы «Әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Құжатта инвестициялық портфельді басқарушылардың зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерінің үш түріне дейін: консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді қалыптастыру құқығы көзделеді, сондай-ақ оларды қалыптастыру тәртібі белгіленеді.

Құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz