Жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру мақсаттары үшін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы

Жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру мақсаттары үшін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы «Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба «Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 260 қаулысының 2-тармағына сәйкес әзірленді. 

Жобада тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесінен Bursa Malaysia халықаралық тауар биржасын алып тастау көзделеді.

Алып тастау оның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген өлшемшартқа сәйкес келмегенімен байланысты.

Құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz