Бағалы қағаздар нарығын реттеуді жетілдіру және қор биржасының қызметі мәселелері туралы

Бағалы қағаздар нарығын реттеуді жетілдіру және қор биржасының қызметі мәселелері туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеуді жетілдіру және қор биржасының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 133 қаулыны қабылдады.

Қаулы бағалы қағаздар нарығын және қор биржасының қызметін реттеуді жетілдіру, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жекелеген нормаларын «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңға сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (IOSCO) талаптарын ескере отырып қабылданды.

Балама қаржы құралдарына инвестицияланған және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-тың сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерінің әділ құнын айқындау және тану тәртібі белгіленеді.

Шетелдік заңды тұлғалар үшін қор биржасына мүшелік шарттары IOSCO халықаралық стандарттары мен талаптарына сәйкес келтірілген.

Ұлттық Банкке валюталық реттеу мақсатында бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және шетел валютасына қатысты өзге де тұлғалардың іс-қимыл өлшемдерінің мониторингін қамтамасыз ететін қор биржасының бағдарламалық қамтылымына қолжетімділік берілді.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңы 35-бабының 2-тармағына сәйкес келтірілді.

Сонымен қатар қолданыстағы нормаларды «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша редакциялық өзгерістер енгізу көзделген.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz