Зейнетақы аннуитеті шарттарын жасау және сүйемелдеу процестерін цифрландыру туралы

Зейнетақы аннуитеті шарттарын жасау және сүйемелдеу процестерін цифрландыру туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 130 қаулысын қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін қабылданды.

Құжат зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу және сүйемелдеу процестерін цифрландыруға бағытталған. Сақтандыру ұйымдары мен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ арасында Бірыңғай сақтандыру дерекқоры арқылы электрондық деректер алмасуға өту көзделген. Бұл сақтандыру ұйымдары арасында өту рәсімін оңайлатуға және зейнетақы аннуитеті шартының қағаз данасын ұсыну қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz