Қаржы нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.
Қаржы нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттеуді жетілдіру, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жекелеген нормаларын ҚР цифрлық кодексіне, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңдарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.
Жобада Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттері жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымдарын тіркеу рәсімін оңайлату көзделеді. Атап айтқанда, құжаттар тізбесі қысқартылады, рейтингтің болуы бойынша талаптар және Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитентінің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болуы үшін талаптарды орындауы бойынша талаптар алып тасталады.
Пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау бөлігінде микроқаржы ұйымдары мемлекеттік емес облигацияларды шығарған кезде және лицензияны тоқтата тұру және облигациялар шығарылымын тіркеуге құжаттар берілген күнге дейін қатарынан күнтізбелік 12 ай ішінде микроқаржылық қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін қадағалап ден қою шараларын бірнеше рет (екі және одан да көп) қолдану жағдайлары болмаған кезде қосымша шарттар белгіленеді.
Бұдан басқа, нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының өзгерістеріне сәйкес келтіру көзделеді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау рәсімін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары алып тасталады.
Сондай-ақ, терминологияны цифрландыру саласындағы заңнама өзгерістеріне сәйкес келтіру көзделген («Автоматтандырылған», «электрондық», «ақпараттық» және олардан алынған терминдерді мәтін бойынша тиісті «цифрлық» тұжырымдарға ауыстыру).
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде және (немесе) құжаттарында қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының күту парағын пайдалана отырып, анықталған кемшіліктерді жоюы үшін қызметтер көрсету процесін тоқтата тұру тетігі енгізіледі.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89