Микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуді жетілдіру туралы

Микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуді жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына мемлекеттік қызметтерді көрсету және өзін-өзі реттеу саласындағы микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасы әзірленді.
Жоба мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге және олардың ережелерін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес келтіруге бағытталған.
Сонымен қатар, жоба микроқаржылық және коллекторлық қызмет салаларындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметінің қағидаларында пайдаланылатын терминологияны өзектендіруді көздейді.
Құжаттың мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы