Қазақстандық және шетелдік рейтингтік агенттіктің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Қазақстандық және шетелдік рейтингтік агенттіктің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстандық рейтингтік агенттіктің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшерін, шетелдік рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең төмен мөлшерін бекіту туралы» АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.

Қазақстандық рейтингтік агенттіктің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшерін 10 000 000 000 (он миллиард)  теңге сомасында белгілеу ұсынылады. Шетелдік рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең төмен мөлшерін баламасы 600 000 000 (алты жүз миллион) теңгеден кем емес сомада белгілеу ұсынылады.

Қаулы жобасы «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» ҚР Заңының талаптарын іске асыру және рейтингтік агенттіктердің қаржылық орнықтылығын арттыру мақсатында әзірленді. Капиталға қойылатын талаптар нарыққа сенімді компаниялардың кіруіне мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, инвесторлар мен рейтингті пайдаланушылардың қорғалуын күшейтеді.

 Құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Қызмет бағыты