Халықаралық кредиттік рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы

Халықаралық кредиттік рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Халықаралық кредиттік рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Құжатта «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес Агенттік танитын халықаралық кредиттік рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту көзделеді.

Халықаралық рейтингтік агенттіктерді тану критерийлері белгіленеді, оларды Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше бес және одан да көп мемлекеттің қаржылық реттеушілерінің тануы көзделеді.

Қаулы жобасына сәйкес бес халықаралық кредиттік рейтингтік агенттік танылады: Standard & Poor’s, Moody’s Investors Service, Fitch, DBRS Morningstar және A.M. Best.

Алдағы уақытта өзге де халықаралық рейтингтік агенттіктердің белгіленген критерийлерге сәйкестігі расталған жағдайда, оларды Агенттік белгіленген тәртіппен тану тұрғысынан қарауы мүмкін.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты