Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша НҚА-ға редакциялық өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының терминологиясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жобада қаржылық саладағы ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің редакциялық сипатындағы, оның ішінде «ақпараттық қауіпсіздік» ұғымдық аппаратын «қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікке, оның ішінде киберқауіпсіздікке» ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
Жоба жаңа реттеушілік талаптарды қамтымайды және қолданыстағы редакциямен салыстырғанда өзгерістер енгізуді көздемейді. Түзетулер редакциялық сипатта.
Толық мәтінмен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.