Банкті реттеу жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзірлеу және өзектендіру қағидаларын бекіту туралы

Банкті реттеу жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзірлеу және өзектендіру қағидаларын бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Банкті реттеу жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзірлеу және өзектендіру қағидаларын бекіту туралы» ағымдағы жылғы 10 тамыздағы №120 қаулыны қабылдады. Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында қабылданды.

Банкті реттеу жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар, оны әзірлеу және өзектендіру қағидалары бекітілді, оларға сәйкес банктің ұйымдастырушылық құрылымын сипаттауды, аса маңызды банктік және өзге де операцияларды талдауды, реттеу құралдарын қолданудың ықтимал сценарийлерін, банктің реттеуге қабілеттілігін бағалауды, анықталған кедергілерді жою жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ реттеу режимін іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін қоса алғанда, банкті реттеу жоспарының құрылымы мен міндетті мазмұнын айқындау белгіленеді.

Қаулымен реттеу жоспарын әзірлеу, жыл сайын қайта қарау және өзектендіру тәртібі, оны жоспардан тыс қайта қарау үшін негіздер,        сондай-ақ банктің реттеу қабілетіне әсер ететін анықталған кедергілерді қайта қарау және жою нәтижелері туралы банкті хабардар ету тәртібі белгіленген.

Қаулы реттеу құралдарын қолданудың неғұрлым тиімді тетіктерін алдын ала айқындауға, аса маңызды банктік және өзге де операциялардың үздіксіздігін қамтамасыз етуге, қаржы жүйесі үшін жүйелік тәуекелдерді барынша азайтуға, сондай-ақ банк депозиторларының, өзге кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін банктерді реттеуді жоспарлаудың кешенді жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Қаулының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

                     press@finreg.kz

Қызмет бағыты