Жүйелік маңызы бар банктер үшін шығындарды өтеудің жалпы қабілетін қамтамасыз ететін құралдар бойынша міндеттемелердің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 «Әмбебап банктік лицензиясы бар банктер, базалық банктік лицензиясы бар банктер, исламдық банктер сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы қабылданды.
Құжат Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 86-бабының 4-тармағының екінші бөлігін іске асыру шеңберінде қабылданды.
Қаулы жүйелік маңызы бар банктер үшін залалдарды өтеудің жалпы қабілетін (TLAC) қамтамасыз ететін құралдар бойынша міндеттемелердің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілеуге бағытталған.
Қаулының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
press@finreg.kz