Жүйелік маңызы бар банкті реттеу барысында пайдаланылған қаражатты өтеу үшін банктердің міндетті жарналары туралы

Жүйелік маңызы бар банкті реттеу барысында пайдаланылған қаражатты өтеу үшін банктердің міндетті жарналары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 шілдедегі № 114 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 шілдедегі № 97 қаулысымен «Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жүйелік маңызы бар банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидаларын, мөлшерлері мен мерзімдерін бекіту туралы» бірлескен қаулы қабылданды.

Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.

Құжатта банктер мен Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдары жүйелік маңызы бар банкті реттеу нәтижесінде туындаған залалдарды өтеу үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидалары, мөлшерлері және мерзімдері белгіленеді.

Құжаттың мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

 

Управление внешних коммуникаций

press@finreg.kz

Қызмет бағыты