«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына банк және микроқаржы қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының банк және микроқаржы қызметі мәселелері бойынша кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» ағымдағы жылғы 24 шілдедегі № 105 қаулысын қабылдады.
Қаулы банк және микроқаржы қызметі мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердегі терминологияны 15.03.2026 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қаулы толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.