О совершенствовании законодательства в сфере страховой деятельности

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға, сақтандыруды қорғау тетіктерін жетілдіруге, сақтандыру нарығына қатысушылар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, заңнаманың жекелеген нормаларын өзектендіруге бағытталған.
Зейнетақы аннуитетi шарты бойынша оны мерзiмiнен бұрын тоқтату кезiнде инвестициялық кiрiстi ескере отырып, сатып алу сомасының мөлшерiн айқындау тәртiбiн жетiлдiру және мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi шеңберiнде жасалған өмiрдi сақтандыру шарттары бойынша жинақталған қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету ұсынылады. Сондай-ақ комиссиялық сыйақы мөлшерін, оның ішінде сақтандыру полисінде міндетті түрде ашу арқылы сақтандыру агенттері қызметінің ашықтығын арттыру көзделеді.
Бұдан басқа, жоба жекелеген ережелерді цифрландыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіруді, сондай-ақ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ актуарлық қызметін жүзеге асыру тәртібін нақтылауды көздейді.
Жобаны қабылдау қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды нығайтуға, сақтандыру нарығының ашықтығын арттыруға және Қазақстан Республикасының сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал ететін болады.
Құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15887287) және Агенттіктің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/1051687?lang=kk) танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы