Зейнетақы активтерін басқару мәселелері туралы

Зейнетақы активтерін басқару мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру құқығын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық портфельдердің бір немесе бірнеше түрін (консервативті, теңгерімді және тәуекелді) қалыптастыру құқығын көздейтін нормалары қолданысқа енгізіледі.

Осыған байланысты жобада нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес келтіру мақсатында бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz