ҚР ҰБ Басқармасының кейбір қаулыларына кредиттік бюролар және ақпарат берушілердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кредиттік бюролар және ақпарат берушілердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба кредиттік бюролар мен ақпарат берушілердің қызметін нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру, сондай-ақ жекелеген нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің талаптарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Құжат кредиттік тарих субъектілерінің келісімдерін ресімдеу тәртібін, оның ішінде цифрлық нысанда жетілдіруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны және екі факторлы аутентификация тетіктерін пайдалана отырып, келісімдерді растау тәсілдерін айқындауға, кредиттік есептерді беру тәртібін нақтылауға, сондай-ақ құжаттамалық операцияларды жүзеге асыру кезінде SWIFT жүйесі арқылы келісімдерді ресімдеу мүмкіндігін қоса алғанда, банктік кепілдіктер мен кепілгерліктер туралы ақпаратты ұсыну тәртібін жетілдіруге бағытталған.
Жобада ломбардтар жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлік кепілімен берген микрокредиттер бойынша ақпаратты кредиттік есептерде көрсету ерекшеліктері нақтыланады.
Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы