Берешекті ұжымдық реттеу тәртібі туралы

Берешекті ұжымдық реттеу тәртібі туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба талап ету құқықтары коллекторлық агенттіктерге берілген банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер шарттары бойынша жеке тұлғалардың берешегін ұжымдық реттеу тәртібін таратуды көздейді, сондай-ақ ұжымдық реттеуге жататын берешек өлшемшарттарын айқындайды.

Құжат көрсетілген берешекті ұжымдық реттеу тәртібіне қойылатын талаптарды және оны ұжымдық реттеуге жататын берешекке жатқызу өлшемшарттарын да белгілейді.

Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz