Банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау қағидаларын бекіту туралы

2026 жылғы 31 наурызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №32 Қаулыны қабылдады.
Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңың «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабының 2 және 4-тармақтарына және 127-бабына іске асыру мақсатында қабылданды.
Қаулымен уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарының тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және қызметтен босату тәртібі белгіленеді.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы