Ипотекалық (тұрғын үй) қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын ұзарту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Ипотекалық (тұрғын үй) қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде азаматтардың борыш жүктемесін азайту мақсатында «Халық тұрғын үймен қамтамасыз етілсін!», «Кәусәр-бұлақ» әлеуметтік көмек орталығы», «Ел-бірлігі» қоғамдық ұйымдар одағы», «Халыққа баспанасын қалдырайық!» «Халықты медициналық-әлеуметтік қорғау орталығы», «Flora-GR», «Бірге – 2021», «ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» патриоттық қозғалысы» қоғамдық ұйымдарының (бұдан әрі – ҮЕҰ) басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.
Кездесулер барысында қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту және жалғыз баспанасын сақтау мақсатында оларды барынша қамту үшін Бағдарламаға өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.
Өткізілген кездесулердің нәтижелері бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының
2023 жылғы 26 мамырдағы № 37 қаулысымен Бағдарламаға бірқатар, оның ішінде:
- Қарыз алушылар 2023 жылғы 1 қазанға дейін өтініш берген жағдайда, қамтылмаған ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мерзімін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуды;
- Банктерге бағам айырмасын төлей отырып қалған қарыз алушылардың валюталық қарыздарын конвертациялау/қайта қаржыландыру мерзімін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуды;
- Бағдарламаның 2-1-бөлімі шеңберінде «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-тың (ҚТК) жалға берілетін баспананың құнын төмендетуіне байланысты туындаған, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-тың осы сомаларды ҚТК-ға өтеуі жолымен халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын қарыз алушыларды жеке табыс салығының сомасын төлеуден босатуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Агенттік сонымен қатар, ҮЕҰ-ның басшыларымен тығыз ынтымақтастықта қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізетінін атап өтеміз.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 1459 нөмірі бойынша сall-орталыққа хабарласыңыз
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz