Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабын іске асыру үшін дайындалды.

Жоба жүйелі сипатқа ие және Агенттіктің микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тұтынушылармен өзара іс-қимылының жекелеген аспектілерін реттейтін бұрын қолданыста болған 5 нормативтік құқықтық актісінің ережелерін бірыңғай нормативтік құжатқа біріктіреді.

Қаулы жобасы микроқаржы секторындағы қызметтің айқындылығын арттыруға және жосықсыз практикалар тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Жобада тұтынушымен өзара іс-қимылдың барлық кезеңінде қаржы өнімдері туралы ақпаратты ашуға қойылатын бірыңғай талаптар бекітіледі.

Сондай-ақ, жобада микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың адал іс-қимыл қағидаттарын, жауапкершілікпен кредит беруге қойылатын талаптарды бекітуді қоса алғанда, іс-қимылды қадағалауды дамытуға бағдарланған реттеудің жаңа элементтері енгізіледі.

Сонымен қатар, жобада жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілері, оларды анықтау тәртібі және берешекті өндіріп алу кезінде жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар белгіленеді.

Қаулының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Қызмет бағыты