Жазбаша ұйғарымды орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулының жобасы Агенттіктің кредиттік бюроның және коллекторлық агенттіктің мыналарды орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін белгілейді:
- кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарыс;
немесе
-оларғабайланыстыемессебептер бойынша белгіленгенмерзімдеорындаумүмкінболмағанжағдайда, анықталғанбұзушылықтардыжәне(немесе)себептерді,сондай-ақ олардыңжасалуынаықпал еткен жағдайлардыжоюжөніндегі іс-шараларжоспары.
Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.