Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы
16 шілдедегі № 82 және «Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы
16 шілдедегі № 84 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
  Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.  

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру үшін әзірленді.

НҚА жобасы халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) және төтенше оқиғадан (ТЖ) зардап шеккендер үшін растайтын құжаттар болған кезде қарыз алушының (ХӘОТ немесе ТЖ-дан зардап шеккен адамның) табысы төмендеген кезде комиссиясыз кемінде үш ай мерзімге міндетті түрде кейінге қалдыруды енгізуді көздейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz