«Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы жоба

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының әзірленгені туралы хабарлайды, қаулыда мыналар көзделеді:
- күнтізбелік 45 күнге дейінгі кезеңге 30 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейінгі сомаға берілген кепілсіз микрокредит беру туралы жеке тұлғамен жасалған шарт бойынша сыйақының шекті мәнін 20%-дан 15%-ға дейін төмендету.
Аталған түзетулер қарыз алушылардың борыш жүктемесін төмендетуге және микрокредиттер бойынша артық төлемді азайтуға мүмкіндік береді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14494219
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы: +7 (727) 2371089, press@finreg.kz