Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады

Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді.

Қабылдау барысында азаматтардың Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуына, кепіл мүлкінің бір бөлігін босатуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының (бұдан әрі – ХӘОТ) өкілдері үшін қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты мәселелер қаралды.

М. Әбілқасымова бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайтынын, азаматтар айтқан барлық мәселелер заңнама нормалары сақтала отырып орындалатынын атап өтті.

2023 жылдың 1 тоқсанында Агенттікке азаматтардан 17,2 мың өтініш келіп түсті, барлық өтініштің 52%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өтініштер 32%-ды құрайды, қаралған өтініштердің жалпы санының 16%-ы өзге ұйымдарға тиесілі.

Агенттік азаматтардың банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібінің іске асырылуына мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады. 2023 жылдың басынан бері қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдау үшін банктерге 74 мың қарыз алушы жүгінді. Қаралған өтініштердің ішінен
47,3 мың қарыз алушыға немесе 63,9%-ына жасалған банктік қарыз шарттарының талаптарына өзгерістер мақұлданды. Микроқаржы ұйымдарына 19,6 мың қарыз алушы микрокредит бойынша берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен жүгінді, оның ішінде 15 мың қарыз алушының (өтініш бергендер санының 76,5%-ы) өтініштері қанағаттандырылды.

Халықпен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді. 2022 жылы call-орталыққа азаматтардың 19,4 мыңға жуық, 2023 жылдың басынан бастап 5,3 мың қоңырауы келіп түсті.

М. Әбілқасымова сондай-ақ ХӘОТ қорғауға қатысты мәселелер Агенттіктің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде 326,1 млрд теңге сомаға 45,7 мың қарыз алушының қарыздары қайта қаржыландырылды. 2022 жылы Бағдарламаға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бүгінгі күні 10,3 мың ХӘОТ санатына жататын қарыз алушы 68,2 млрд теңге сомаға қолдау шараларын алды. 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қосымша 500-ге жуық қарыз алушыны қамту жоспарланып отыр.

Бағдарлама шеңберінде қабылданған шаралардың және жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық кредит беру бағдарламасын дамытудың арқасында банктердің ипотекалық портфелінде 90 күннен астам төлем мерзімі өткен жеке тұлғалардың проблемалық қарыздарының үлесі 2015 жылғы 30%-дан 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 0,8%-ға дейін төмендеді.

Агенттік өкілдерінің қатысуымен апта сайын Қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырыстары өткізіледі. 2022 жылы Комиссияның 69 отырысы өткізілді, оның нәтижелері бойынша Бағдарламаның 1 және 2-бөлімі бойынша қарыздарды қайта қаржыландыру туралы 298 шешім және Бағдарламаның 2-1-бөлімі бойынша қосымша көмек көрсету туралы 536 ұсыным шығарылды.

Мәдина Әбілқасымова қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттіктің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынын, азаматтарды қабылдау жүйелі негізде жүргізілетінін атап өтті.

Агенттікте Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейтінін атап өтеміз, онда ақпараттық-анықтамалық сипаттағы кеңестер алуға және қаржы реттеушісінің қызметіне қатысты мәселелерді жедел шешуге болады.

Агенттік өкілдері өтініш берушілердің әрбір өтінішін қарайды және банк, сақтандыру, микроқаржы салаларындағы, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіндегі заңнама нормаларына жан-жақты түсініктемелер береді. Қажет болған жағдайда Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері банктердің, МҚҰ немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыра алады.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына да жазылуға болады.

Қосымша кеңес алу үшін Агенттікке:

  • «1459» нөмірі бойынша call-орталыққа (жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін);
  • App Store және Play Market арқылы жүктеуге болатын «𝑭𝒊𝒏𝒈𝒓𝒂𝒎𝒐𝒕𝒂 𝑶𝒏𝒍𝒊𝒏𝒆» мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша  call-орталыққа +7 (727) 237 1000, 1459 нөмірлері арқылы хабарласуға болады

Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz