Жиі қойылатын сұрақтар

Деректердің  конфиденциалдылығы мен қол сұғылмаушылық мәселесі Оpen Banking үшін маңызды болып табылады. Реттеушілер бұл мәселенің маңыздылығын түсінеді және дербес деректерді қорғау туралы заңдарды қатаң түрде сақтайды. Жекелеген азаматтардың транзакцияларына рұқсатсыз кіруге немесе бақылауға жол бермеу үшін платформада қажетті қауіпсіздік шаралары болады. Жекелеген тұлғалардың транзакцияларын қадағалау емес, қатысушылардың өсуі мен дамуын қамтамасыз ете отырып, өзара тиімді орта құрудың басты міндет болып табылатынын атап өткен жөн.