Жиі қойылатын сұрақтар
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банктің/ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның мыналарды талап етуге құқығы жоқ
- берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде қарызды берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты сыйақыны, комиссияларды және өзге де төлемдерді төлеуді
- негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеуге
Банктер мен басқа қаржы институттары төлемдердің қауіпсіздігі мен ашықтығына барынша мүдделі екенін атап өткен жөн. Себебі, алаяқтықпен және басқа да заңсыз әрекеттермен байланысты шығындар тікелей банктер мен қаржы ұйымдарына әсерін тигізеді.
Сондықтан қаржы нарығының барлық субъектілері өздерінің ақпараттық жүйелері, интернет-ресурстары мен мобильді қосымшаларының, оның ішінде идентификаттау мен бірдейлендірудің қорғау тетіктерін жетілдіреді.
VISA, MASTER CARD және басқа да халықаралық төлем жүйелерінің қауіпсіздігі бойынша ұсынымдарды басшылыққа алады.
Биометриялық идентификаттаудың заманауи әдістері қолданылады.
Агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдары сияқты нарықтың заңды қатысушыларына тиісінше Банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын әзірледі.
Бұл Нормативтік құқықтық актілерде алаяқтардың клиенттің тікелей қатысуынсыз клиенттің атына кредит ресімдеуге немесе оның ақша алуына жол бермейтін қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелерінде, интернет-ресурстарында және мобильді қосымшаларында ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар айқындалған.
Алаяқтар біздің атымызға кредит ресімдеу немесе ақша алу мақсатында телефон соғады, себебі біз тікелей қатыспасақ, олар біздің атымызға кредит ресімдей алмайды. Алаяқтар біз тікелей қатысқанда, яғни олар бізге қоңырау шалғанда, олармен сөйлесу барысында ғана атымызға кредит ресімдеп, шоттарымыздан ақша алады. Біздің қатысуымыз қажет болмаса, алаяқтар бізге қоңырау шалмай-ақ сырттай біздің атымызға кредит ресімдеп, шоттан ақшаны алатын еді.
Қаржылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін телефон арқылы белгісіз адамдармен қаржылық мәселелер бойынша сөйлеспеңіз.
Қазіргі уақытта Агенттіктің Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаментімен ақпарат алмасудың мынадай ресми байланыс арналары бар:
1) берілетін деректердің құпиялылығы мен түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар «ФАСТИ» ақпаратты кепілдікпен жеткізу жүйесі;
2) сканерленген хаттарды info@finreg.kz ресми электрондық поштасы арқылы жіберу;
3) пошта байланысы, курьерлік қызмет арқылы қағаз жеткізгіште немесе қолма-қол беру;
4) Телефон нөмірі: +7 (727) 237-13-98.
Қиын сұрақ. Агенттіктің міндеті – қаржы нарығымен жұмыс істеу. Бірақ алаяқтар қаржы нарығының бөлігі емес екенін сіз түсінесіз. Алаяқтық – қылмыстың бір түрі, ал қылмысқа қарсы күрес міндеті – ҚР ІІМ алдында тұрған міндет. Сонымен қатар, алаяқтар банктер мен микроқаржы ұйымдарының әлсіз жақтарын пайдаланады. Бұл жағынан алғанда Агенттік алаяқтармен күресуге өз үлесін қосуда.
Агенттік алаяқтық схемаларын зерделейді, қаржы нарығы субъектілерінің қауіпсіздігін басқару жүйелерінің әлсіз тұстарын анықтайды және олардың қауіпсіздік жүйелерін жаңарту мақсатында заманауи талаптар мен кеңестер береді.
Тұтастай алғанда, банк қызметкері сізге қоңырау шалып, қандай да бір мәлімет сұрамайтынын немесе құрылғыңызбен және ақшаңызбен қандай да бір әрекет жасауды өтінбейтінін есте сақтауыңыз керек. Мұндай қоңырауды мүлдем жалғастырмау қажет. Сенімдірек болу үшін картаңызда көрсетілген нөмір бойынша банкке қоңырау шалуға болады.
Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, ең алдымен құқық қорғау органдарына (полицияға) өтініш беру керек. Тергеу және сот процесі көп уақытты қажет етеді, сондықтан қырағылық танытып, алаяқтардың айла-амалдарына сенбеген жөн.
Банктерде сақталатын клиенттік деректер банктік құпия болып табылады және банкте аса қорғалатын ақпаратқа жатады. Сәйкесінше, мұндай деректер сақталатын жүйелерге Агенттік қауіпсіздік бойынша анағұрлым маңызды талаптар қояды.
Банктер өз кезегінде заңды сақтау үшін де, сол сияқты өздерінің беделін сақтап қалу үшін де мұндай деректердің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделі.
Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының жұмыс істеуін автоматтандыру мақсатында өз күшімен қаржы нарығында ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі («Qainar» ААӨЖ) әзірленіп, іске қосылды.
«QAINAR» жүйесінде қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары тіркеліп, бірлесе отырып өңделеді. Оның қатарында: кибершабуылдар, әдеттен тыс белсенділік фактілері, ақпараттық жүйелер жұмысындағы іркілістер немесе бас тартулар және ақпараттық қауіпсіздіктің тексеруді талап ететін өзге де оқиғалары.
Кибершабуылдардың алдын алу мақсатында алынатын ақпаратты өңдеу қорытындылары бойынша Салалық орталық «QAINAR» ААӨЖ арқылы ақпараттық алмасу қатысушыларына ақпараттық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері мен осалдықтары туралы ескерту жібереді.
Осындай әрбір оқиға үлкен болмаса да, алайда кез келген күрделі кибершабуыл шағын оқиғалардан басталады, олардың көмегімен қылмыскерлер қаржы ұйымдарының осал тұстарын зерттейді.
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Салалық орталық ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіптер, қаржы ұйымдары инфрақұрылымының осалдықтары, сондай-ақ қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, бағалауды және талдауды жүзеге асырады.
Қаржы нарығына қатысушыларға жіберілетін, оларға қауіптерге уақтылы ден қоюға және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік беретін ескертулер аталған жұмыстың нәтижесі болып табылады.
Киберқауіпсіздікті реттеу бағыты қызмет еткен уақыт ішінде 2018 жылдан бастап қаржы нарығының қатысушылары – банктерге, сақтандыру ұйымдарына, кредиттік бюроларға, бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына және микроқаржы ұйымдарына қатысты ақпараттық қауіпсіздік бойынша талаптарды қамтитын нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау және өңдеу тәсілдері пысықталып, нормативтік тұрғыдан бекітілді.
Бірнеше рөлінің бар екенін айта кеткен жөн.
Қаржы реттеушісі ретінде Агенттіктің бірінші рөлі – бұл қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау.
Екінші рөлі – бұл «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығы.