
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) қаржы жүйесінің орнықтылығын, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының аса маңызды элементі болып табылады. Бұл саладағы заңнамалық негіз «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ оның ережелерін орындау үшін қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.