Қаржы нарығын реттеу және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша НҚА-ға өзгерістер енгізу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VIII Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Жоба цифрлық активтердің түрлерін нақтылайтын және ұғымдық аппаратты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіретін редакциялық түзетулерді көздейді. Сондай-ақ, 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 219-VII Заңға сәйкес өзгерістер енгізілді: «КЖ/ТҚҚ» және «КЖ/ТҚ» қысқартулары «КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ» және «КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ» болып ауыстырылды.
Сонымен қатар, құжатпен банк шотын ашу кезінде іскерлік қатынастар қашықтан орнатылған жағдайда клиенттерді биометриялық аутентификациялау шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының рөлі нақтыланады.
Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.