Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру

Осы бағыт шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардан келіп түсетін жолданымдарға талдау, сондай-ақ ағымдағы заңнамаға талдау жүргізеді.

Тұтынушылардың жолданымдарын талдау қаржы ұйымдарымен байланысты неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерді анықтауға және тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Жүйелі талдау негізінде тиісті заңнамалық бастамалар мен нормативтерді енгізу мақсатында барынша өзекті және проблемалық бағыттар айқындалады.

Қазіргі уақытта профилактикалық іс-қимылды қадағалау және қаржы нарығындағы жосықсыз практикаларға қарсы іс-қимыл жүйелері әзірленуде.

Осылайша, қорғаудың тиімділігін арттыру құқық қолдану практикасының пәрменді шараларына және құқықтық реттеу арқылы тұтынушылық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған алдын алу шараларының жүйесіне байланысты.

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Баспасөз релиздері

Барлық баспасөз релиздері

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Іске асырылып жатқан жобалар

Бағыт бойынша барлық жоба

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Коллекторлық агенттікте  шоттарды «бұғаттау» құқығы жоқ. Борышкерлердің банк шоттарына шектеулерді жеке сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу шеңберінде немесе банк егер мұндай шартта көзделген жағдайда, төлем талаптарын ұсыну арқылы  ұсынуы  мүмкін.