Ақтау қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

2) өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, коллекторлық агенттіктерді, сондай-ақ өзге тұлғаларды бақылау мен қадағалауға қатысу;

3) өз құзыреті микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің тұтынушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге қатысу;

5) қаржы ұйымдарының және олардың филиалдарының үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру.