Құрылым

Банктерді реттеу департаменті

Департаменттің негізгі міндеті:

1) Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын және дамуын, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру арқылы қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарының және заңды мүдделерінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кредиттік бюролардың қызметіне бақылау мен қадағалау;

2) банк қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат беру, оның ішінде банк қызметін лицензиялауды қамтамасыз ету (қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдарды қоспағанда), кредиттік бюролар қызметін  жүзеге асыру үшін рұқсат беру (беруден бас тарту) бойынша, банкті ашуға рұқсаттар рұқсат беру (беруден бас тарту) бойынша, банктер мен банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісімдер беру және қайтарып алу жөніндегі рәсімдерін жүзеге асыру.

3) уақытша әкімшіліктің/уақытша әкімшілердің және банкті тарату комиссияларының  қызметін ұйымдастыру және олардың қызмет барысында заңнама талаптарын сақтауға бақылау жасау;

4) банк секторын реттеу және дамыту бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілерін әзірлеу, әзірлеуге қатысу.

Толығырақ

Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) микроқаржылық қызметпен айналысатын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау;

2) коллекторлық агенттіктердің қызметін бақылау, қадағалау және талдау;

3) микроқаржы нарығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу – микроқаржылық қызметпен айналысатын ұйымдардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында инспекциялар мен бақылау-қадағалау нысандарын жүзеге асыру арқылы, қадағалау ресурстарын ең жоғары тәуекелге ұшыраған бағыттарға шоғырландыруды ескере отырып;

4) коллекторлық агенттіктердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу – заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында коллекторлық агенттіктерге жүргізілетін инспекцияларға қатысу арқылы, қадағалау ресурстарын ең жоғары тәуекелге ұшыраған бағыттарға шоғырландыруды ескере отырып.

Толығырақ

Телефон:

+7 (727) 237 1111

Электрондық пошта:

DNNO_inspector@finreg.kz

Іс-қимылды қадағалау департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бөлігінде қаржы ұйымдарының қызметін дамыту, реттеу, бақылау және қадағалау;

2) хабарлау тәртібі шеңберінде қаржы өнімдерінің мониторингі;

3) кибералаяқтық пен есірткінің заңсыз айналымына, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруға, төлемдерді жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қоспағанда, коллекторлық агенттіктердің қаржылық қызметтері мен қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін, оның ішінде кредиттік алаяқтыққа және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың шоттарынан қаражатты заңсыз алуға (бұдан әрі - қаржылық алаяқтық) байланысты әрекеттерден қорғау және электрондық және интернет-казинолардың пайдасына ақша аудару;

4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері, оның ішінде қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша Агенттіктің өңірлік өкілдер бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

5) іс-қимылды қадағалау жүйесін енгізу және қаржы ұйымдарының қызмет көрсетуінің клиентке бағдарланған тәсілін әзірлеу.

Толығырақ

Телефон:

+7 (727) 237-1301

Электрондық пошта:

Iman.Al-Keissi@finreg.kz

Тәуекелдерді талдау және стресс-тестілеу департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1)         активтердің сапасына бағалау жүргізу және екінші деңгейдегі банктердің стресс-тестілеуін жүзеге асыру жолымен Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің

2)         банктердің модельдік тәуекелдерін және жасанды интеллектті пайдаланумен байланысты тәуекелдерді мониторингілеу және анықтау, жасанды интеллект модельдері мен шешімдерінің сенімділігін, дәлдігі мен тиімділігін талдауға арналған әдістемелер мен құралдарды жасау;

3)         статистикалық, қаржылық және өзге де есептілік деректерін және банк жүйесі бойынша мәліметтерді жинау және өңдеу, сондай-ақ есептілікті және өзге де ақпаратты алу және өңдеу процестерін жетілдіру;

4)         бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының тәуекелдерін олардың қатысушыларының қызметіне қадағалау бағалау жүргізу арқылы анықтау.

Толығырақ

Телефон:

+7 (727) 237-1414

Электрондық пошта:

Azat.Alibekov@finreg.kz

Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін үздіксіз жетілдіру, Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасында көзделген лицензиялау рәсімдерін жүзеге асыру;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру лицензияларынан айыруға байланысты тағайындалған уақытша әкімшіліктердің қызметін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметін заң талаптарына сәйкестігін бақылау, уақытша әкімшіліктер мен тарату комиссияларының қызметін ұйымдастыру және функцияларын орындау;

3) қадағалау жүзеге асырылатын сақтандыру нарығының субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау.

Толығырақ

Телефон:

237-1113

Электрондық пошта:

Assel.Amirbayeva@finreg.kz

Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) халық үшін қаржылық қолжетімділіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру;

2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру;

3) халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру;

4) екінші деңгейдегі банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген қарыздар/микрокредиттер алған жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

5) Агенттіктің өңірлік өкілдер бөлімшелерінің екінші деңгейдегі банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген қарыздар/микрокредиттер алған жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.

Толығырақ

Телефон:

+ 7 (727) 237-1301

Электрондық пошта:

TAL@finreg.kz

Бағалы қағаздар нарығы департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосу;

2) бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне, БЖЗҚ-ға мемлекеттік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген лицензиялау рәсімдерін жүзеге асыру;

3) бағалы қағаздар нарығының, БЖЗҚ-ның кәсіби қатысушыларының қызметін бақылау және қадағалау. Эмитенттердің мониторингі;

4) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын есепке ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі және дамуы бойынша жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу.

Толығырақ

Телефон:

+7 (727) 237-1189

Электрондық пошта:

Ivan.Moysov@finreg.kz

Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) халықаралық стандарттарды (Базель банктік қадағалау жөніндегі комитетінің, Халықаралық сақтандыруды қадағалау органдары қауымдастығының, Халықаралық зейнетақыны қадағалау ұйымының, Бағалы қағаздар бойынша комиссиялардың халықаралық ұйымының, Еуропа Одағының, Исламдық қаржы қызметтері жөніндегі кеңестің) ескере отырып Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары шеңберінде қаржы нарығын реттеу тәсілдері мен әдістерін айқындау;

2) қаржы ұйымдарының адал бәсекелестік қағидаттары бойынша жұмыс істеуі үшін тең жағдайды қамтамасыз ету;

3) қаржы нарығында теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасау.

4) қаржы ұйымдарын дамыту.

Толығырақ

Телефон:

+ 7 (727) 237-1256

Электрондық пошта:

Sayat.Zhumabaev@finreg.kz

Стратегия және талдау департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қаржы жүйесіне деген сенімді және қаржы нарығындағы адал бәсекелестікті қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын стратегиялық дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) Агенттік қызметінің стартегиялық және операциялық жоспарлауды жүзеге асыру, қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша орта мерзімді және ұзақ мерзімді құжаттар әзірлеу; 

3) қаржы секторын дамытудың үрдістерін мониторингтеу және талдау;  оның жекелеген мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;

4) қаржы секторын дамытудың негізгі қорытындылары мен үрдістері туралы мерзімді жарияланымдар, Агенттік қызметінің қорытындылары туралы есептік материалдар дайындайды;

5) Агенттіктің мемлекеттік органдармен, кәсіби қауымдастықтармен, халықаралық ұйымдармен және басқа да мүдделі тараптармен қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету.

Толығырақ

Заң департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) заңдылықты нығайтуға ықпал ету және Агентіктің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз  ету;

2) Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін, валюталық реттеуді және бақылауды, Қазақстан Республикасы аумағында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын құқықтық насихаттау және түсіндіру, қажеттілігіне қарай, Агенттік қызметкерлері үшін орталық аппарат бөлімшелері өткізетін семинарлар шеңберінде лекциялар өткізу арқылы жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

4) қаржы нарығындағы қызметті, кредиттік бюролардың, актуарийлердің қызметін лицензиялауды, қаржы ұйымдарын ашуға (құруға) рұқсаттар, қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге, мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны аккредиттеуге келісімдер беруді (кері қайтарып алуды) құқықтық қамтамасыз ету;

5) Агенттіктің норма белгілеу қызметіне талдау жасау және жетілдіру.

Толығырақ

Телефон:

+ 7 (727) 237-1158

Электрондық пошта:

Timur.Kurmaniyazov@finreg.kz

Адам капиталын дамыту департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Агенттікті білікті қызметкерлермен қамтамасыз ету және кадрлар ісқағаздарын жүргізу;

2) еңбекақы төлеу жүйесін және талаптарын әзірлеу мен жетілдіруді қоса алғанда, қызметкерлерді ынталандыру үшін жағдайлар жасау;

3) Агенттіктің қызметкерлерін оқыту және дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізу.

Толығырақ

Телефон:

8(727)237-12-34

Электрондық пошта:

Vladislav.Kim@finreg.kz

Цифрлық даму және ақпараттық технологиялар департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

2) Агентіктің ақпараттық технологияларын дамыту стратегиясы мен саясатын  айқындау;

3) Департамент құзыреті шегінде жаңа инновациялық және қаржылық технологияларды талдау және дамыту.

Толығырақ

Телефон:

+ 7 (727) 237-1070

Электрондық пошта:

Assel.Salkimbayeva@finreg.kz

Үйлестіру департаменті (Астана қаласы)

Департаменттің негізгі міндеті:

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен, Парламентімен, Үкіметімен, мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының сот органдарымен өзара іс-қимылын жедел қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172)248-077

Электрондық пошта:

Anara.Usumbaeva@finreg.kz

Агенттік қызметін қамтамасыз ету департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Агенттік қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

2) Агенттік қызметін материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

3) Агенттікте мемлекеттік тілді дамыту, құжаттарды мемлекеттік тілге аудару жұмысын ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

+7 (727) 237-14-28

Электрондық пошта:

Raushan.Akhmetova@finreg.kz

Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті

Департаментінің негізгі міндеттері:

1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының қызметін ұйымдастыру;

2) Қазақстан Республикасының қаржы нарығында қибероқыс оқиғалардың салдарын барынша азайту және оларды болдырмау бойынша ұсынымдарды пысықтау;

3) Агенттіктің конфиденциалды мәліметтерін және мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған басқа ақпараттық активтерін қорғау мақсатында Агенттіктегі ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту;

4) Агенттіктің киберқауіпсіздік саласындағы құқықтық және әдіснамалық базасын қалыптастыру, сондай-ақ ақпараттық және киберқауіпсіздік саласында мамандар даярлау үшін;

5) қаржы нарығының субъектілерін Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерін белгіленген талаптарды сақтауын тексеру.

Толығырақ

Телефон:

+ 7 (727) 237 - 1083

Электрондық пошта:

Roman.Perminov@finreg.kz

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Департаметінің негізгі міндеттері:

1) Агентігі қарыздар беру және халықаралық қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу мәселелерін қоса алғанда, өзге мемлекеттердің және халықаралық қаржы жүйесінің әр түрлі ұйымдарымен ынтымақтастық саласында Агенттіктің бірыңғай саясатын қамтамасыз ету;

2) интеграциялық бірлестіктер шеңберінде мемлекетаралық ведомстволармен ынтымақтастық саласында Агенттіктің бірыңғай ұстанымын қалыптастыру;

3) Агентігі басшылығының халықаралық және мемлекетішілік байланыстарын хаттамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

4) Агенттіктің ақпараттық ашықтығына қол жеткізуге және Агенттіктің бастамаларын қоғамның оң қабылдауын қалыптастыруға бағытталған Агенттіктің ақпараттық-имидждік саясатын іске асыру.

Толығырақ

Телефон:

+7 (727) 237-12-23

Электрондық пошта:

Aidar.Ryspayev@finreg.kz

Қадағалау технологиялары және жасанды интеллект департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Агенттік қызметінде қадағалау технологиялық шешімдерін енгізу қажеттілігін анықтауды жүзеге асыру;
2) Агенттіктің қадағалау функцияларын автоматтандыру қосымшаларын және деректерге негізделген қадағалау модельдерін, талдамалық құралдарды (статистикалық модельдер, машиналық оқыту алгоритмдері, деректерді өңдеуге және түсіндіруге арналған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қосымшалар) әзірлеу және енгізу.

Толығырақ

Телефон:

8 (727) 237-1007

Электрондық пошта:

Aizhan.Shalabayeva@finreg.kz