ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ (1961 жылға дейін Ақмола ауданы) – Қазақ Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің Бүкілқазақстандық І Құрылтай съезінің (Орынбор, 4-12.10.1920) Шешіміне сәйкес 1921 жылы 25 сәуірде құрылған әкімшілік-аумақтық бөлініс. Ақмола губерниясының құрамына Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл (Қызылжар) уездері еніп, 233 болысты біріктірді. Орталығы Петропавл қаласы болып табылған. Қазақстан кеңестері VI съезінің (1927 ж, наурыз) «экономикалық аудандастыруды жақсарту туралы» қаулысымен республикалық әкімшілік-аумақтық бөлінісі үш буынды жүйеге (округ-аудан-ауыл) көшірілді. Целиноград ауданының біраз ауылдары мен округтері сол кездегі Ақмола губеринясына қараған.
1928 жылғы 17 қаңтарда Ақмола губерниясы және оның уездері қысқартылды, Ақмола округі құрылды. Осы күні Ақмола ауданы да құрылып, Ақмола округіне қарады. 1940 жылдың 28 мамырында аудан орталы Семеновка, Новоишимка ауылдарына ауыстырылып, 1949 жылы қайтадан Ақмола орталыққа айналады.1961 жылы 24 сәуірде Ақмола ауданы Целиноград деп аталды. 1930 жылдың 17 желтоқсанында Ақмола округі жойылып, Ақмола ауданы Революциялық, Қарағанды, Коммунистік және Ленин аудандарының бір бөліктерін қосу арқылы ірілендіріледі. 1932 жылы жаңадан құрылған Қарағанды облысының құрамына енеді. 1939 жылы Ақмола ауданы (КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының жарлығы) жаңадан құрылған, Ақмола облысының құрамына кірді.
Ауданның ең көне кенті 1872 жылы негізі қаланған Оразақ ауылы болды. XIX ғасырдың соңында және ХХ ғасырдың басында орыс және украин шаруаларының және немістердің көптеп көшіп келуіне байланысты жаңа ауылдар құрыла бастайды. Рождественка – 1885 жылы, Приречное – 1893 жылы, Софиевка – 1905 жылы, Жалғызқұдық – 1912 жылы құрылады. ХІХ ғасырдың 90-шы жылдары отырықшылыққа өткен қазақтар Қосшы ауылын қалыптастырады. 1961 – 1992 жылдар арасында Целиноград облысы болып жазылған аймаққа 1992 жылы тарихи Ақмола атауы қайтарылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2007 жылдың 9 қантарынан бастап аудан орталығы Малиновка қазіргі Ақмол ауылына көшірілді.
Целиноград ауданының гимні
География
Целиноград ауданы Ақмола облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Шортанды, шығысында Ерейментау және Аршалы, батысында Қорғалжын және Астрахан аудандарымен, оңтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі.
Басшылық
Сабырғали Дарын СабырғалиұлыАқмола облысы Целиноград ауданының әкімі