

«Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Целиноград ауданының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты және әкімдікті жүзеге асыру.
Бөлімнің негізгі атқаратын міндеттері:
1) мемлекеттің энергетика, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы саясатын жүзеге асыру, жоспарлар, мақсатты бағдарламалар мен іс шаралар әзірлеуге, құрастыруға және жүзеге асыруға қатысу;және жүзеге асыру;
2) ауданның елді мекендерін газбен, электр, жылу энергияларымен, ауыз сумен, суды бұрумен қамтамасыз ету, көріктендіру және көгалдандыру, коммуналдық қалдықтарды орналастыру мен көму жөніндегі мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асыру;
3) аудан әкімінің энергетика, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, қалдықтарды басқаруға қатысты мәселелер бойынша іс шараларын жүзеге асыру, осыған сәйкес ұсыныстарын енгізу;
4) ауданның бюджеттік мекемелері мен ұйымдарын жылу беру маусымына бөлінген лимитке сәйкес сұйық отынды (мұнай өнімдерін) тасымалдауды ұйымдастыру;
5) Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша Басқармаға жүктелген және (немесе) аудан әкімдігі тапсырған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.


