Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік қорғау

Целиноград ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде: жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру, жұмыспен қамту орталығының жұмысын  үйлестіру; жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұсмыс орындарын құруды қолдау, жеке және заңды тұлғаларыдың өтініштерін қарастыру, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін, әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, медициналық –әлеуметтік мекемелерде және үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау; жеке оңалту бағдарламасына сәйкес  мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен және арнаулы жүріп –тұру құралдарымен, санаторлы-курорттық емделумен қамтамасыз ету,  қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру; Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау және қолдауды ұйымдастыру, денсаулығына байланысты қамқорлық пен қорғаншылыққа мұқтаж кәмелет жасындағы азаматтарға қамқорлық және қорғаншылық рәсімдеу, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке және занды тұлғалармен және мемлекетттік органдармен өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізу.

Документы
Шешім
26 августа 2026
«Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шешім
14 августа 2026
Жоба ШЕШІМ «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шешім
20 июля 2026
«Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
2024 жылға әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат
Целиноград әкімдігі арасында қабылданған міндеттемелерді іске асыру бойынша, аудандық жұмыскерлер бірлестіктерімен және аудандық жұмыс берушілер бірлестіктерімен 2024-2026 жылдар іс-шаралар жоспары
2022 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат
Медиагалерея
1
Ақмола облысының Целиноград ауданында инклюзивті фитнес-орталық ашылды
1
Әлеуметтік қызметтер порталы
События
25 октября
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Кімнің атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар?

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»  2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмек қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық округ әкімдігі арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш білдіруге немесе электрондық үкімет арқылы өтініш беруге болады.

Жүгіну барысында отбасының табыстарын алдын-ала есептеу, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және өзге де әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстыру мәселелері бойынша кеңес беру және өтініш қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Атаулы әлеуметтік көмек кімге тағайындалады?

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23 302 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.

АӘК мыналарға тағайындалмайды:

1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 302 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);

2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;

3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;

4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған  күннен бастап алты ай бойы;

5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы