АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РЕСІМДЕУ Қазіргі уақытта жасына байланысты зейнетақы төлемдері 63 жасқа толғанда еркектерге, ал әйелдерге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 61-ге дейін жүргізіледі. 2031 жылдан бастап төлемдерді тағайындау мерзімі теңестіріледі. Жасына байланысты зейнетақыны ресімдеудің ерекшеліктері туралы Өңірлік коммуникация қызметінің брифингінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Виталий Городецкий айтып берді.