Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеді:

Жанғожин Бауырбек Нұрғожаұлы, 1982 жылы туған, «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Балкашино ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.

Байымбетова Сәуле, 1965 жылы туған, «Сандықтау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Сандықтау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Жүсіпов Алмас Асылханұлы, 1989 жылы туған, «Балкашин ауылдық округі әкімінің аппараты»» ММ бас маманы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

 

 

Сандықтау аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

2023 жылғы 30 қараша

Дата публикации
30 ноября 2023