Ақмола облысы Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫСЫ

Ақмола облысы Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі әкімінің

 кезекті сайлауын тағайындау туралы 

ҚАУЛЫСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 24 желтоқсанға Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Сандыктауский край» газетінде жариялансын.

 

Сандықтау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Балкашино селосы

2023 жыл 15 қараша

№74/2

Дата публикации
15 ноября 2023