Есіл ауданы Ақмола облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ақмола облысының Жақсы, Жарқайың, Қарасу – Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарымен шектеседі. Аумағы 8 мың шаршы км. халық саны 24,6 мың адамды құрайды, оның ішінде ауыл халқы 14,8 мың адам. Өңір экономикасының негізгі бағыты-ауыл шаруашылығы өндірісі.