

Мәдениет саласында мынадай жұмыстар жүргізіледі: еңбек ұжымдары, оқу орындары арасында Көркемөнерпаздар байқауларын өткізу, соғыс және еңбек ардагерлерін құрметтеуге арналған тақырыптық және мәдени іс-шаралар өткізу, халықтың, жастардың шығармашылық, рухани, зияткерлік және физикалық дамуы, олардың пікірлері мен ұсыныстарын есепке алу негізінде ұрпақтар сабақтастығы үшін жағдайлар жасау; халықтардың көркемөнерпаздар, көркем шығармашылығын дамыту, байыту, салауатты қажеттіліктері мен жоғары көркемдік талғамдарын қалыптастыру.; тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, реставрациялау, пайдалану істерін нығайту және дамыту; аумақтық бөлімшелермен тіл туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; тілдік орта құру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік тілді дамытудың өзекті проблемалары бойынша іс-шаралар өткізу, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді зерделеу жөніндегі жаңа әдістеме мен компьютерлік бағдарламаларды тарату, ағартуды, мәдениетті дамытуға жәрдемдесу, өскелең ұрпақты әлемдік құндылықтар мен қазақстандық патриотизмді құрметтеу рухында тәрбиелеу; мемлекеттік және ұлттық мерекелерге қаланы, ауданды мерекелік безендіру.