Біржан сал ауданы 1928 жылы құрылған және Ақмола облысының солтүстік-шығыс бөлігінде 10990 шаршы км аумақта орналасқан, бұл облыс аумағының 7,5% құрайды. Облыстық орталыққа дейін арақашықтық-120км.
Аудан солтүстігінде Ақжар , шығысында Уәлиханов , батысында Бурабай және оңтүстігінде Бұланды аудандарымен шектеседі.
Аудан халқы - 14,700 мың адам, оның ішінде: қалалық - 4 мың адам, ауылдық-13 мың адам. Халық тығыздығы (1 шаршы км адам) - 1,7 адам. Этникалық құрамы(%): қазақтар - 64%, орыстар - 24,9%, басқа ұлттар - 11,1%.
Әкімшілік орталығы-Степняк қаласы.
Аудан құрамында 1 Қала, 14 ауылдық округ және 38 елді мекен бар.