

Құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Аумақтарды және елді мекендерді, Құрылыс кешені мен инфрақұрылымын әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған Құрылыс және басқа да бағдарламаларды іске асыру. Құрылысты дамыту бойынша инвестициялық мақсатты бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуге бақылауды жүзеге асыру, салаға инвестициялар тарту және оларды тиімді пайдалану үшін ынталандырушы жағдайлар жасау. Жобалау және құрылыс өнімдерінің ішкі нарығын қорғау, отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру. Құрылыс саласындағы интеграциялық процестерді тереңдету.