Жалпы ақпарат

Біржан сал ауданының әкімі
Қасенов Бауыржан Қазыбекұлы

Біржан сал ауданының әкімі

Әкімдік туралы

Біржан сал ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Қызылжар округінің Қазгородок кентінде орталығымен құрылды. Облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде 10990 шаршы км аумақта орналасқан, бұл облыс аумағының 7,5% құрайды. Облыс орталығына дейінгі қашықтық-120 км.
Аудан солтүстігінде Ақжар, шығысында Уәлиханов, батысында Бурабай және оңтүстігінде Бұланды аудандарымен шектеседі.
Аудан халқы - 12,5 мың адам, оның ішінде: қалалық - 4 мың адам, ауылдық - 8,4 мың адам. Халық тығыздығы (1 шаршы км адам) - 1,7 адам. Этникалық құрамы (%): қазақтар-64%, орыстар - 24,9%, басқа ұлттар-11,1%.
Әкімшілік орталығы-Степняк қаласы.
Аудан құрамында 1 қала, 9 ауылдық округ және 5 ауыл бар.

Біржан сал ауданы әкімінің аппараты әкімдіктің және аудан әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, консультациялық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты