Құрылым

Жылумен және газбен жабдықтау бөлімі

Жылумен және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету, қала үшін жылумен және газбен жабдықтауды үздіксіз беруді қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу, қалалық инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы газбен жабдықтау қызметтерімен, жылу энергиясын жеткізумен қамтамасыз ететін Алматы қаласы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, Алматы қаласының жылу энергетикалық кешенін және инфрақұрылымдық дамуын стратегиялық дамыту бағдарламаларын әзірлеу, жылу энергетикалық кешен мен инфрақұрылымдық дамудың бірыңғай ғылыми-техникалық саясатын іске асыру, жоғары тиімді технологияларды енгізуге, жылумен және газбен жабдықтау жөніндегі қызметтердің тарифтік саясатына талдау жүргізуге, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге құқығы бар заңды және жеке тұлғаларды заңда белгіленген тәртіппен тарту арқылы жылумен жабдықтау желілерін, қазандықтарды, ЖЭО салуды, реконструкциялауды, жаңғыртуды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған жылуэнергетикалық кешен мен инфрақұрылымды дамытудағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты іске асыру бойынша әзірлемеге қатысу.

Толығырақ

Бөлім басшысы:

Абдували Нұрлан

Электрондық пошта:

n.abduvali@almaty.gov.kz

Сумен жабдықтау және су бұру бөлімі

Қазақстан Республикасының заңнамасын, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларын орындау практикасын талдауды және қорытуды жүзеге асыру, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сумен-газбен жабдықтау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған нормативтік актілер мен қаулылар дайындауды ұйымдастыру, сумен жабдықтауды және су бұру стратегиялық дамыту бағдарламаларын әзірлеу, өндірістің сенімділігіне, қауіпсіздігіне және үнемділігіне қадағалау жүргізуді жүзеге асыру, сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ететін кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтерін беру, бөлу және тұтыну, қаланың сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа уақтылы дайындалуын бақылауды жүзеге асыру, сумен жабдықтауды және су бұруды жоспарлау мен перспективалық дамытуды жүзеге асыру, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерге есепке алу жүйесін енгізу.

Толығырақ

Телефон:

8 (727) 970-09-42

Электрондық пошта:

a.masimbaev@almaty.gov.kz

Электр энергетикасы және сыртқы жарықтандыру бөлімі

Алматы қаласының энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыруға бағытталған қызметін жүзеге асыру, Алматы қаласының қалалық инфрақұрылымы мен әлеуметтік саласын энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және цифрландыру қызметтерімен қамтамасыз ететін кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, қала аумағындағы объектілерге энергия аудитін жүргізуді ұйымдастыру, диммирлеу жүйесі бар энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябақты және көшені жарықтандыруды жаңғыртуды қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың арасында ресурстарға ұқыпты қарау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу, цифрландыру, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу саласында стратегиялық даму бағдарламаларын әзірлеу.

Толығырақ

Телефон:

87272723975

Электрондық пошта:

d.malik@almaty.gov.kz

Перспективті даму бөлімі

Құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау туралы әкімдік актілерінің жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу, қаланың орнықты дамуы үшін қажетті жылу, энергия, газ, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі инженерлік инфрақұрылымды дамыту схемаларын әзірлеуді және бекітуге енгізуді қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде ТЭН-да, ЖСҚ-да энергия үнемдеудің заманауи әдістерін қолдану жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру, жергілікті және республикалық бюджеттерден қаржыландыру жоспарына енгізілген объектілер бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жобалау, салу, сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті материалдар пакетін (техникалық құжаттаманы) дайындауды және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуды ұйымдастыру, жобалау ұйымдары қарауға ұсынатын техникалық-экономикалық негіздемелерді (ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу құнының есептерін тексеру, орындалған жұмыстардың жинақтылығы мен сапасы тұрғысынан жобалау-сметалық құжаттаманы тексеру.

Толығырақ

Электрондық пошта:

ri.taldybai@almaty.gov.kz

Қаржы-шаруашылық бөлімі

Есеп айырысуларды жүзеге асыру, бюджеттік өтінімдерді дайындау және тиісті мемлекеттік органдарға уақтылы ұсыну, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарларын әзірлеу, қаржыландыру жоспарына сәйкес өтінімдерді уақтылы беруді және ақшалай қаражатты аударуды қамтамасыз ету, Басқарма шотына ақшалай қаражаттың түсуін есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу, Басқарма қызметкерлеріне жалақы бойынша есеп айырысуларды жүргізу, жарналарды мемлекеттік және зейнетақы қорларына есептеу және аудару, бастапқы құжаттардың деректері негізінде қаржылық және статистикалық есептілікті жасау және оны тиісті қаржы органдарына ұсыну, Қазақстан Республикасы Үкіметінің директивті құжаттарының және қала әкімінің қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Толығырақ

Телефон:

87272716545

Электрондық пошта:

u.abish@almaty.gov.kz

Әкімшілік-құқықтық бөлімі

"Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, Басқарма басшысы актілерінің және Алматы қаласы әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру, мемлекеттік органдардан келіп түсетін хат-хабарларды, Басқарманың негізгі қызметі бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды және орындаушыларға уақтылы жеткізуді жүзеге асыру және Басқарма басшысының тапсырмаларын орындау, Басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (727) 970-09-42

Электрондық пошта:

u.onalbaev@almaty.gov.kz