Жалпы ақпарат

Серікбай Нұрбақыт Қуанәліұлы
Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы
Әкімдіктің басқармалары
«Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – қаланы перспективалық дамытуды қамтамасыз ететін энергиялық тиімді, қауіпсіз, инженерлік инфрақұрылым жасау және қоғамда ресурстарға ұқыпты қарау қатынасын қалыптастыру.
«Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
- Алматы қаласын электрмен, жылумен, газбен, сумен, су бұрумен және көшелік жарықпен үздіксіз қамтамасыз ету;
- келешекте дамыту үшін қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту;
- энергиямен жабдықтауды және энергия үнемдеуді арттыру үшін ақылды технологиялар енгізу;
- коммуналдық қызметтерді жеткізушілер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, оның ішінде ақылды технологиялар енгізу арқылы;
- ресурстарды ұтымды пайдалану үшін қала тұрғындарын ынталандыру.