

Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін «автомобиль жолдары мен аэродромдар салу» мамандығы бойыншатәмамдаған.
2007 жылғы наурызда «Дортранс» Қазақ ғылыми-зерттеу жоспарлау институтында зертханашы болып еңбек жолын бастады.
2007 жылғы тамыздан 2008 жылғы наурызға дейін «Дортранс» Қазақ ғылыми-зерттеу жоспарлау институтында сапасы және техникалық қадағалау жөніндегі III санатты инженер болып жұмыс істеді.
2008 жылғы наурыздан 2012 жылғы мамырға дейін «Дортранс» Қазақ ғылыми-зерттеу жоспарлау институтында инженер-сметашы болып жұмыс істеді.
2012 жылғы мамырдан 2013 жылғы қыркүйекке дейін «Қолжетімді тұрғын үй» АҚ АФ-да инженер-сметашы қызметін атқарды.
2013 жылғы қыркүйектен 2014 жылғы қаңтарға дейін «BAUR Kazakhstan Zholdary» ЖШС инженерлік-техникалық қызметінің инженер-сметашысы болып жұмыс істеді.
2015 жылғы наурызда Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының перспективалық даму бөлімінің бас маманы болып мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын бастады.
2016 жылғы сәуірде Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының перспективалық даму бөлімінің басшысы болып тағайындалды.