Алапат өртке байланысты Абай облысына гуманитарлық көмек кешегі күні Қарағанды, Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан келсе, бүгін 7 жүк көлігімен Астанадан да келді. Облыстардан келген гуманитарлық көмектер Семей қаласындағы «Жоламан» сауда – логистикалық орталығындағы қоймаға түсірілді.