2026 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы Абай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша АҚПАРАТ

2026 жылдың 1 мамырына халық саны: 593,9 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары – 374,3 мың адам (63,0%).

Облыстың әкімшілік бөлінісі: 2 облыстық маңызы бар қала,  2 аудандық маңызы бар қала, 10 аудан, 134 ауылдық округ, 2 кент, 320 ауылдық елді мекен.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 421,2 млрд. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі – 101,6%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 335,3 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі – 107,5%.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 106,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,5%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 150,5 млрд. теңгеге жетті, нақты көлем индексі – 123,5%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 58,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлеминдексі –120,9%.

Ішкі сауда көлемі 382,3 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 104,0%.

54,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 94,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 118,6%.

Байланыс қызметтерінің көлемі - 5,0 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 101,3%.

Жұмыспен қамту. 2026 жылдың 1 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7%. Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар саны 95,4 мың адамға жетті немесе экономикалық белсенді халық санының 31,5% құрады.

2026 жылдың 1 тоқсанында орташа айлық жалақы 405 425 теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2% өсті.

Жыл басынан инфляция деңгейі 103,8% көрсетті, оның ішінде азық–түлік тауарларына – 103,8%.

Бюджет. Мемлекеттік бюджетке 383,4 млрд теңге салықтар мен міндетті төлемдер түсті (республикалық бюджетке – 310,4 млрд теңге, жергілікті бюджетке – 73,0 млрд теңге).

Әлеуметтік салаға 260,2 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде білім беру – 180,2 млрд. теңге, денсаулық сақтау – 11,0 млрд. теңге, әлеуметтік қамсыздандыру – 35,9 млрд. теңге, мәдениет және спорт –  33,1 млрд. теңге.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық