БЖЗҚ-да ашық есік күні өткізіледі

БЖЗҚ-да ашық есік күні өткізіледі

"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2023 жылғы 22 маусымда "Ашық есік күнін" өткізеді.   

Шараның басты тақырыбы - "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы".

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарына қатысты ең көп талқыланатын мәселелердің бірі – зейнетақы төлемдерін қалыптастыру, өйткені, әрбір адам болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды.

Оған қалай қол жеткізуге болады? Болашақ төлемдеріңізді қазірдің өзінде қалай есептеу керек? Ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы мөлшерін қаншалықты көбейтеді? Инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға зейнетақы жинақтарының бір бөлігі аударылған жағдайда зейнетақымның мөлшері қалай өзгеретінін қалай білуге болады?

Осы және басқа да сұрақтарға Қор мамандары жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" 22 маусым күні сағат 10:00, 12:00, 14:00 онлайн-форматта өтеді.

Сағат 10:00-ғы іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет

https://enpf.webex.com/weblink/register/rdad58d9a496bb5d9dbe92cbced958deb

Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2513 791 5785 мен паролін 2023 енгізіңіз.

Сағат 12:00-гі іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет

https://enpf.webex.com/weblink/register/r5eb24dca0e1ddd72e219f3509038dae7

Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2519 240 2153 мен паролін 2023 енгізіңіз.

Сағат 14:00-гі іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет

https://enpf.webex.com/weblink/register/r9ddf05141e5de49734032a02a357b904

Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2518 865 4019 мен паролін 2023 енгізіңіз.

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!